Тәуелсіз тауар өндірушілер көмек жөнелтті
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр.
Тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығы да осы игі істен шет қалмады.
Гуманитарлық көмек Алмалы ауданының комьюнити орталығына табысталды.
Эврен Мүдеррисоғлу, Түркия республикасының бас консулы:
- Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде орын алған су тасқыны біздің де қабырғамызды қайыстырып отыр. Су тасқынынан зардап шеккен барша ағайынмен әрдайым біргеміз. Оларға меценаттар гуманитарлық көмек жөнелтіп отыр. Гуманитарлық көмек – 110 жәшік азық-түлік және 40 дана кілем.