Шортандылықтар құтқарушыларға алғыс айтты

Камышенка ауылында Колутон өзені арнасынан асып, 36 үйдің ауласы мен 8 жеке тұрғын үй қызыл судың астында қалды.

Ондағы 34 адам эвакуацияланды. Оның 8-і - бала. Қазір су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Ағын судың алдын алуда еңбек етіп жатқан қызметкерлерге тұрғындар алғыс айтты.

Тұрғын:

- Қиын жағдайда қол ұшын созғандарға алғыс білдіреміз. Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне рақмет айтқым келеді. Тұрғындарды дер кезінде қауіпсіз аймаққа көшірді.