Қ. Бишімбаев кінәсін мойындамады
Экс-министр Қуандық Бишімбаев бұл жолы да кінәсін толық мойындамады, деп хабарлайды 24KZ.
Салтанат Нүкенованың өмірден өтуіне айыпты екенін айта келе, қастықпен әдейі өлтіру ойында болмағанын тілге тиек етті. Бүгінгі сот отырысында марқұмның сіңлісі куәгер болып, Нүкенованың өлімі туралы хабарды қалай естігенін айтты. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен медициналық қызметкер де сауалдарға жауап берді. Бишімбаевтың қайғылы оқиға болған түні жедел жәрдем шақырудың орнына хабарласқан көріпкелдің Шымкентте тұратыны анықталды. «Бизнеске қатысты сұрақтар бойынша хабарласып тұратынмын. Оның медициналық білімі бар-жоғын білмедім, бірақ сенетінмін», – деді Бишімбаев. Сот отырысы ертең де жалғасын табады.