Әйелдер қауіпсіздігіне қатысты заң Сенатта қаралады
Сенаторлар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңды қарайды.
Бұл туралы палата бюросының отырысында айтылды. Жоба алдағы бейсенбіде өтетін Сенат отырысында талқыланады. Бұл заңдар отбасылық-тұрмыстық және қоғамдық салаларды қоса алғанда зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдату бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленген.
Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін интернаттарды мемлекеттік бақылаудың ерекше тетіктері, балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер және білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін мекемелерді лицензиялау міндеттілігі енгізіледі.