О. Бектенов Сергеев су қоймасындағы жағдайды барлады
Президент су тасқынымен күреске барлық күшті жұмылдыру міндетін қойды.
Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деп мәлімдеді. Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің жайылмасын тікұшақпен айналып өтіп, Сергеев су қоймасындағы жағдайды барлады. Мамандар: «қойманың арнадан асуы соңғы 50 жылда болмаған жағдай», – деп отыр. Ал Қазгидромет алдағы күндері күннің күрт жылынып, қар еруіне байланысты келетін су көлемі ұлғаюы мүмкін деген болжам жасады. Қауіптің алдын алу үшін Солтүстік Қазақстан облысына Астанадан Қарулы Күштердің 300 әскери қызметкері аттанды. Ұлттық ұлан академиясынан 400 курсант және «Орталық» өңірлік әскери бөлімінің 300-ден астам қызметкері тартылды.