Оралда саяжайлықтар жаппай эвакуацияланады

Оралда саяжай тұрғындары жаппай эвакуацияланады. Өйткені Жайық өзенінің су деңгейі қауіпті межеге таяп қалды.

Дарияның жайылмасында 50-ден астам бау-бақша серіктестігі бар. Онда 5 мың адам тұрады. Көбі алдын ала хабарландырудан соң өз еркімен қауіпсіз жерге көшкен. Ал 2 мың тұрғын мұндай шарадан бас тартқан. Енді олар да уақытша көшіріледі. Тиісті жұмыстарға құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:

- Біз міндеттейміз ол адамдарды. Неге десеңіз, сейсенбі-сәрсенбі күндері саяжайлардан кете бастау керек, мамандардың жоспарына сәйкес және Азаматтық қорғаныс Заңының 56-бабына сәйкес эвакуациялау-құтқару жұмыстарын қауіпсіз өткізу мақсатында саяжайлардағы трансформаторларды, көгілдір отын мен электр қуатын айыруымыз қажет.