Азаматтық қорғаныс қызметкерлері 76 мың адамды эвакуациялаған
Апат басталғалы азаматтық қорғаныс қызметкерелері 76 мың адамды эвакуациялаған, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 30 мыңы – бала. Мамандардың көмегімен уақытша орналасу пунктеріне 7703 жан жайғастырылды. Сондай-ақ 1 млн құм қапшығынан бөгеттер тұрғызылып, 996 мың тонна инертті материал төселді.
Ерасыл Сайбаш, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:
- Бүгінгі таңда 16 мың адам, 3 мың техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылған. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 3412 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы, 1926 саяжай үйлері су астында қалып жатыр.