Қырғыздан келген көмек
Қырғыз елінен 15 жүк көлігіне артылған гуманитарлық көмек 1 мың 500 шақырым жол жүріп, су тасып, зардап шеккен аймақтарға жетті.
Жүктің ауқымы – 300 тонна. Оның ішінде Қырғызстанда жасалған тамақ өнімдері мен киім-кешек, көрпе, жеке бас гигиена заттары бар.
Керуенді Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Урматбек Шамырқановтың жетекшілігімен Төтенше жағдай министрлігінің 10 қызметкері мен 17 жүргізушісі алып жүр.
Қазақстан аумағында полиция қызметкерлері күтіп алып, жол көрсетті. Ақеділ қырғыз бауырларымыздың жөнелткен жүгі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы тасқын судан зардап шеккен халыққа теңдей бөлінеді.
Бообек Ажикеев, Қырғыз республикасының төтенше жағдайлар министрі:
- Күннің күрт жылынуына байланысты қар еріп, өзендер мен қоймалардағы су деңгейі көтеріліп кеткенін білесіздер. Қазақстандағы ахуал күрделі. Көптеген елді мекенді су басқан. Адамдарға көмек керек. Сондықтан бауырлас елдегі қиын жағдайға бей-жай қарап отыра алмадық.