Қырғыз көмегі Ақтөбеге де жетті
Ақтөбе облысына Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келді.
Ақтөбеде оны Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов бастаған министрлік өкілдері күтіп алды.
Қалған фуралар Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына бара жатыр. Гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүр.
Бұған дейін айыр қалпақты ағайынның алғашқы көмегі Қостанай облысына жеткені туралы хабарлағанбыз.