Тасқыннан зардап шеккендер жаңа баспанаға қоныстанады
Атап айтқанда олар үшін құны 22 млн теңгені құрайтын 80 шаршы метрлік тұрғын үй және жалпы құны 44 млн теңге болатын 160 шаршы метрлік екі пәтерлі үй салу жоспарланып отыр.
Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша Ойыл ауданы тұрғындарына арналған үйлер салынатын жер учаскелері анықталды. Инженерлік инфрақұрылымы бар, су мен газы қамтылған 200-ден астам учаске белгіленген. Сонымен қатар Жаңа құрылыс ауданында 1500 орындық мектеп пен балабақша салуда жоспарда тұр.
Жаңадан салынатын нысандар:
80 м2 тұрғын үй – ₸22 млн
160 м2 екі пәтерлі үй – ₸44 млн
1500 орындық мектеп, балабақша
Тасқыннан зардап шеккен нысандар:
340 құлаған үй
49 суға кеткен үй