О. Бектенов: 86 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді
Су тасқыны басталғалы бері 86 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Бүгінде 8 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттерінде 8 жарым мың адам тұрып жатыр. "Үйлері тұруға жарамсыз" деп танылған отбасыларды уақытша баспанамен қамту қажет. Апат салдарын жою жөнінде кеңес өткізген премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік қолдау жөнінде осындай тапсырма берді. Эвакуация аймақтарындағы балалардың оқу процесі үзіліп қалды. Осыған байланысты мектеп оқушыларын алдағы емтихандар мен сынақтардан босату керек екенін айтты. Әкімдіктерге су жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру, сумен жабдықтау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бойынша тапсырмалар берілді. Жануарлардың өлексесін жинау мен жою жұмыстарын жедел аяқтау және инфрақұрылымды қалпына келтіру тапсырылды.