Қ.Тоқаев: Халқымыз бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсетті

Елімізде табиғи апат басталғалы Президенттің атына достас мемлекеттердің басшыларынан көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсуде.

Мемлекет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі  парақшасында достас елдерге жылы лебіздері үшін алғыс айтты. «Зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетіліп, бүкіл шығындары өтеледі. Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен алғыс айтамын», - деді Президент.