Атырау облысына 30 тонна көмек жіберілді

Алматылықтар қызыл су басқан Атырау облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Оның 12 тоннасы азық-түлік. Сонымен бірге 200 келіден астам дәрі-дәрмек бар. Киім-кешек, үрлемелі қайықтар мен дизельді генераторларда атыраулық ағайынның кәдесіне жарайтыны анық. Қаладағы комьюнити орталықтарының бірінде ашылған кабылдау пункті 29 наурыздан бастап жұмыс істеп тұр. Тұрғындар, кәсіпкерлер және белсенді жастар қолдан келген көмегін аяп жатқан жоқ. Ал 100-ден астам волонтёр қабылдау пунктіне жиналған заттарды реттеп, оларды жүк көліктеріне тиеп жатыр. Қайырымдылық көмек екі күннен соң Атырау облысына жетеді. Жалпы Алматы волонтерлік кеңсесінен бүгінге дейін Орал өңіріне 10 тонна, Атырауға 3 тонна көмек жіберілді.

Бағдат Анарбаева, қалалық волонтерлер фронт-кеңсесінің жетекшісі:

- Тасымалдау жолдары толықтай тегін болып жатыр. Қазіргі таңда авиарейстерді авиакомпаниялар толықтай тегін беріп жатыр. Одан бөлек бүгін фурамен жіберіп жатқан көмегімізді Атырау облысының белсенді жастары өздері тегін апарамыз деп ниет білдіріп алып кетіп жатыр.