Бастауыш сынып оқушысы Құлсарыға қаражат жолдады
Маңғыстау облысында төртінші сынып оқушысы жинаған ақшасын Жылыой ауданына жолдады.
Нұрасыл Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда оқиды. Ол еріктілердің Құлсарыға гуманитарлық көмек апаратыны туралы хабарды естіген бойда, қобдишаға жинап жүрген ақшасын әкеліп берген. Қаршадай баланың қылығы әлеуметтік желілерге таралып, оны оқығандар алғысын жаудырып жатыр.
Нұрасыл Игілікұлы, оқушы:
- Маған анам тиын береді, тамақ алып же, самса алып же деп. Сосын мен оларды жинай бердім. Атыраудағы қиын жағдайды естіп, көмектескім келді. Сосын мен тиындарымды алып, апарып бердім.