Еліміздің 8 өңірінде төтенше жағдай сақталуда

Еліміздің 8 өңірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай сақталуда.

Cу басқан аймақтардан 8 млн текше метрден аса қар суы сорылды. Апат орындарына 1 млн 200 мыңнан аса қапшық пен миллионнан аса инертті материал төселген. Құтқару жұмыстарына 23 мың адам, 448 су сору және 130-дан аса жүзу құралы, сондай-ақ 6 әуе кемесі жұмылдырылды. Олар 88 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 30 мыңы бала. Эвакуациялау орындарына 7 мыңнан астам адам орналастырылды. Қазір аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы жағдайға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Ерасыл Сайпаш, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:

- Соңғы тәулікте жеке құрамның 525 адамы және 100-ге жуық техникасы жұмылдырған ТЖМ күштері мен құрылымдары Алматы қаласынан және Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облысынан. Сондай-ақ Астана қаласының Қорғаныс министрлігінің 58-665 әскери бөлімінен құрылымдар СҚО жөнелтілді.