Елдегі су қоймаларындағы ахуал

Елдегі су қоймаларындағы ахуалға тоқталсақ: Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы орта есеппен 93%-ға толды.

Қазір онда су ағыны төмендеп жатыр. Ал Солтүстік Қазақстандағы су қоймалары 100%-ға толған, Есіл өзеніне су ағынының қарқыны бәсеңдегені байқалады. Сондай-ақ, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Бұл жайында Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми кілі Мөлдір Әбдуалиева брифингте баяндады. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтіліп отыр. Ресей аумағынан судың келу қарқыны бәсеңдеген. Ал Шығыс Қазақстандағы 5 ірі су қоймасы 62%-ға толған.

Мөлдір Әбдуалиева, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі:

- Барлық нысандарда тәулік бойғы кезекшілік жалғасады. Және сағат сайын мониторинг жүргізіледі. Министрлік мамандары тұрақты түрде объектілерді тексеріп, тасқын суын қауіпісіз өткізу, өзеен ағынын реттеу және еіген қар суны су қоймаларына жинау бойынша жұмыстарды жеке қадағалайтындарын атап өтемін.