Таразда жаңа шағынаудан салынып жатыр
Таразда тағы бір жаңа шағынаудан пайда болады, деп хабарлайды 24KZ.
Жоба бойынша қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты 82 үй салынады. Қазірдің өзінде 16 үй тұрғызылған. Әкімдік жыл соңына дейін 720 пәтерді кезекте тұрғандарға беруді көздеп отыр. Тұрғын алабында көп күттірмей, әлеуметтік нысандар бой көтереді. 3 мектеп, 4 балабақша мен перинаталдық орталық, тіпті өрт сөндіру депосы да салынады.
Қайрат Исмаил, қала әкімінің орынбасары:
- Көпқабатты тұрғын үйлер салуға республикалық бюджеттен 11,1 миллиард теңге қаражат бөлініп отыр. Биыл жалпы 50 тұрғын үйді пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Оның 16-сы осы жаңа 16 шағынауданда жоспарланған. Келесі жылға біз 30 тұрғын үйдің ЖСҚ әзірлеудеміз.