Қарағанды облысының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты
Қарағанды облысында жаппай сенбілік жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Соңғы бір аптада коммуналдық қызмет полигонға 1,5 мың тонна қоқыс шығарды. Облыс орталығындағы тазалық жұмыстарына 155 техника жұмылдырылды. Тұрғындар өзі тұратын жерді ғана емес, жол жиектеріндегі қоқысты да жинап жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы 6 сәуір күні басталды. Оған өңір бойынша мыңдаған волонтер қатысып, көпшілікті ұйымдастыруға атсалысып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар оларды қажетті құрал-жабдықтармен, техникамен қамтамасыз етіп жатыр.
Ғазиз Зұлқарнай, қалалық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары:
- Жоғары оқу орындары мен колледждерге шығып, осы жұмыстарға тартып жатырмыз. Бұл енді өзіміздің қаламыз ғой. Оны таза ұстау өзімізге байланысты. Бұл акция кейін де жалғасады. Ағаш отырғызу, мәдени ескерткіштерді тазарту.