Ақтөбе облысында тасқыннан қауіп әлі сейілер емес
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына қарасты 12 елді мекенде жол қатынасы қиындады.
Аудан әкімі Мамыр және Нұра ауылдары орналасқан Торғай өзенінің жоғарғы ағысында су көтеріле бастағанын жеткізді. Ырғыздағы 2637 тұрғын үйде 2800-ден астам отбасы тұрады, оның ішінде 1282 үй аудан орталығында орналасқан. Су алған аймаққа барған вице-премьер Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов өңірдің жай-күйімен танысып, бөгеттерді нығайту туралы шешім қабылдады. Бұл шараға 14 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Бүгін Ырғызға жеткен жұмысшы топ, ертең Мамыр мен Нұра ауылында жұмыстарын бастайды.