Ұлттық құрылтай тапсырмалары талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда атап өткен «бес кеселге» тосқауыл қою үшін заң нормаларын күшейтіп, құқық қорғау қызметінің жауапкершілігін арттыру қажет.

Алматыда кездескен сарапшылар осындай пікірде. Бүгін Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының  ұйымдастыруымен мамандар бас қосып Ұлттық Құрылтайда айтылған осы мәселелерді талқылады. Құрылтайдың түйінді месседждерін іске асыруда және Әділетті Қазақстанды құруда сарапшылардың ой-пікірлері мен ұсыныстары маңызды. Сондықтан бұл істе ғалымдардың, азаматтық сектор мен  мемлекеттік мекеме өкілдерінің өзара іс-қимылы мен тиімді қарым-қатынасы керек.

Айман Омарова, адвокат, "Құқық қорғаушылар" қоғамдық қорының тең құрылтайшсы:

- Президенттің шешімі болса онда жүзеге асыру оңай болады. Қазіргі таңда ондай шешім бар. Енді жүзеге асыру үшін біз білу керекпіз қалай істеу керекпіз. Өте маңыздысы қалай біз жүзеге асырамыз сол құрылтайдағы болған ойларды.