Археологиялық кешен мемлекет қорғауына алынады
Талдықорғандағы «Қызылтас» археологиялық кешенінде жарылыс жұмыстары мамыр айына дейін тоқтатылды.
Қиыршық тас өндіруші компания мен жергілікті әкімдік осындай келісімге келді. Қазір кәсіпорын басшылығы диаридті Қараталдағы карьерден алу мәселесін қарастырып жатыр. Егер сот жер қойнауын пайдалану мерзімін ұзартып берсе, кәсіпкерлер петроглифтері бар жотаны мемлекет меншігіне өткізбек. Айта кетейік, қоғам белсенділері "қола дәуіріндегі суреттер бүлінуге шақ қалды" деп дабыл қаққан болатын. Мәселені біздің арна тілшілері де көтерген еді. Көпшілік арасында резонанс туғызған жағдайдан кейін аталған аумақ зерттелетін болды. Паспортизация жұмыстарына 10 млн теңге қаржы бөлінді.
Ғалымжан Оспанов, Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры:
- Қызылтас петроглифтері және ар жағында Дауылбай, Ордакүл бар. Еңбек жақтағы тауларды паспортизация жасасақ па деп конкурс жариялайық деп отырмыз. Ертең конкурсты жариялап, келесі аптада келісімшартқа отырып жұмысты бастап кетсек пе деп отырмыз.