Бұл заң Президенттің принципті ұстанымының арқасында қабылданды
Бүгін Сенат ҚР Президентінің тапсырмасымен біз мемлекеттік органдармен, Мәжіліс депутаттарымен, Ұлттық комиссиямен, АҚЖУ және сарапшылармен бірлесіп әзірлеген әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын екі оқылымда қабылдады.
Осыған орай бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Динара Закиева өз ойын айтты.
Заң жобасы Мемлекет басшысының балалар мен әйелдерді қорғаудағы принципті ұстанымының арқасында қабылданды. 2023 жылдың қыркүйек айында мен заң жобасын Бас прокуратурада және Мәжілісте таныстырдым, кейін Парламент депутаттары оны толықтырулар енгізіп қабылдады. Бұл заң жобасы 70-тен астам түзетуден тұрады. Әр түзетуге зорлық-зомбылықтан қайтыс болған бала мен әйелдің есімін беруге болады - деді ол.
Заң жобасы концептуалды түрде екі бөлімнен тұрады:
1. Отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құруға бағытталған алдын-алу шаралары:
Отбасын қолдау орталықтарын ашу, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтау және оларға көмек көрсету жөніндегі жедел әрекет ету топтарын, Балаларды психологиялық қолдау орталықтарын ашу;
Зорлық - зомбылық құрбандары-балаларға көмек көрсету бағдарламаларын енгізу;
Бала зорлық - зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламаларын енгізу;
Агрессормен психологиялық жұмысты көздейтін ерекше талаптар және т.б.
2. Жеке адамға, оның ішінде балаға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны қатаңдату:
Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты кез келген қылмыс үшін татуласу рәсімін алып тастау;
Денсаулыққа орташа, ауыр зиян келтіру, азаптау үшін берілетін санкцияны қатаңдату;
Бала зорлау үшін бас бостандығынан өмір бойына айыру;
Балаға жыныстық сипатта тиісу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
Зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке жатқызу: ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды тергеу әрекеттері кезінде күдіктіні қамауда ұстау;
Буллинг үшін жауапкершілік;
Баланы автобустан мәжбүрлеп түсіріп тастау үшін жауапкершілік енгізу;
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мекемелер мен лагерлерді лицензиялау.
Заң жобасында ҮЕҰ, құқық қорғаушылардың, қоғам қайраткерлерінің ұсыныстары мен күш-жігері біріктірілді. Өткен жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен 7 бала көз жұмды. Оған күн сайын 342 адам ұшырайды. Бұл заң зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Балаға қол көтеру – қылмыс. Зорлық-зомбылық еш ақтауға келмейді - деді омбудсмен.