Үлбі елдің үрейін ала бастады
Өскеменде Үлбі өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Қазір атқарушы орган өкілдері мен құтқарушылар, су көзін бақылауға алған.
Дегенмен арнасы әбден толған өзен, көпір астымен өтетін жолды басып қалды. Қазір тілшіміз Эльмира Ахметова сол жерден қазіргі жағдайды баяндайды.
Үлбіден келер қауіп қандай?
Жалпы қала ішімен 4 өзен өтеді. Соның бірі осы Үлбі өзені. Мен қазір, міне, жағасында тұрмын. Бұл – Үлбі көпірінің астындағы жол. Қазір су басып қалды. Сондықтан көлік жүруге тыйым салынған. Су қайтып, қауіп сейілгенше осылай болады.
Үлбі туралы айтсам, бастауы сонау Риддер жақтағы таудан басталып Глубокое ауданынан да өтеді. 100 шақырымнан астам ұзындықтағы тау өзені. Соның 18 шақырымы қала ішімен ағып жатыр.
Таудан сарқырап келетін бұл өзеннің көктем сайын мінез көрсететіні бар. Бірнеше ықшамауданға қауіп төндіреді. Өткен жылы жағалауына 150 метрге дейін жайылып кеткен кез болды. Енді дәл сол жағдай ескеріліп, күзден бері қам жасалып жатыр. Осал тұстары бекітілді, су кемірген жағалары қайта биіктетілді. Көтерілді. Арықтар мен сағалары да тазартылды.
Жалпы сарапшылардың сөзінше тасқыннан қашу мүмкін емес, тек оның келер тұсын бағамдап, бағытын бұрып, бөгетін бекіте білу қажет. Біз солай істей алып жатырмыз ба? Бұны қала басшысынан сұрап көрсек деп тұрмыз.
-Үлбінің жағалауында қай тұсы, қаншаға биіктетілді және не себептен. Нақты қай ықшамауданға қауіп көп?
Қаныш Мұқажанов, қала әкімі аппаратының инспекторы:
- Рахмет. Енді осы тасқын маусымынан аман өтейік. Асау өзен тезірек өз арнасына түссе деп жұрт та алаңдаулы.
- Эльмира, жабылған жол көлік қозғалысына әсер етті ме?
- Иә, әрине бұл жол қаладағы осы негізгі көпірден түскен көлік нөпірін азайтатын жол ғой. Дегенмен әу баста бұл жол бөлігі салынған кезде, осылай су жайылып кету қаупі ескеріле отыра салынған болатын. Сондықтан тұрғындар үшін бұл күтпеген жағдай деуге келмейді. Ең бастысы тасыған су тұрғын үйлерге, нысандарға қарай жетпесе болды. Өйткені бүгін күн суытып, су деңгейі сәл түскенмен, 13 сәуірге дейін дауылды ескерту жарияланып отыр. Жауын-шашыннан өзендердің арнасынан асуы мүмкін екендігі қайта-қайта ескертіліп жатыр.
Эльмира Ахметова, 24.KZ, Өскемен