Атбасарда тасқыннан зардап шеккендерге жаңа баспана беріледі

Атбасар қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспана беріледі. Бұл туралы аудан әкімі айтты.

Соңғы тәулікте шағын шаһардағы 127 үйді су басты. Соның ішінде 87-і қауіпті аймақта орналасқан. Қазір аудан орталығында арнайы комиссия құрылды. Жағдай тұрақталғасын олар үй-үйді аралап, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті билік өкілдері су тасқынынан зардап шеккен жандардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын жеткізіп отыр.

Аманбек Қалжанов, Атбасар ауданының әкімі:

- Қазіргі таңда 2 үй салынып жатыр. Оны күзге дейін қайтсек те тапсырамыз деп отырмыз. Суға кеткен 127 үйдің 87-іне беріліп, толық жабылады. Қалғандарына не қаражатпен көмектесеміз, немесе бағалау жүргізген соң үй сатып алып береміз.