Алматыда сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі
Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында осылай деді.
Әкімдік бұл бағытқа 3 жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөледі. Сондай-ақ Тараздағы гидромелиоративтік құрылыс институты қайта қалпына келтіріліп, материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықталады. Мемлекет басшысы Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес екенін айтты. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Тағы да қайталап айтқым келеді, мемлекеттік органдар барлық істе, ең алдымен, сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Шешімдер әбден пысықталып, нақты негізделіп барып, қабылдануға тиіс. Талдау жүргізіп, ахуалды болжау үшін ғалымдардың қолында, зерттеу орталықтарында қажетті құрал-жабдықтар болуға тиіс.