Петропавлға шығыстан көмек жетті
Петропавлға Шығыс Қазақстан облысынан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды 24KZ.
Жүк көлігіне киім-кешек, азық-түлік, төсек-орын, еңбек құралдары мен тұрмыстық заттар тиелген. Олар ары қарай су басқан аудандарға жөнелтіліп, зардап шеккен тұрғындарға таратылады. Елдің сәлемдемесін түсіріп алуға жергілікті жастар жиналды.
Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» әлеуметтік жобасы аясында су басқан аудандарға 400 млн теңгенің көмегі көрсетілді.
Дариға Смаилова, «Ассамблея жастары» РҚБ жергілікті өкілдігінің төрағасы:
- Осы ахуалдан зардап шеккен жандарға таратамыз. Күні кешеден бастап біз осы істі бастадық. Біздің эвапунктер бар біздің Петропавл қаласында. Сол эвапунктерге мұқтаж жандарға, әжелерімізге, аталарымызға ең бірінші керекті заттарды апардық.