Метрология мекемесіне айыппұл салынды

Метрология және сертификаттау саласында қызмет ететін ұйымға қомақты айыппұл салынды.

Астана қалалық Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы нарықтағы жағдайды өз пайдасына жаратқан. Компания 2020 жылғы қаңтар мен 2021 жылғы желтоқсан аралығында метрология қызметтеріне бағаны жоғары қойған. Өлшеу құралдарын тексеру, сынақ, сертификаттау, өнімдер мен қызметтерді декларациялауда заңсыздықтар болған. Бұл іс бойынша Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Сараптама орталығына 592,7 млн теңге айыппұл салды. Ол толық көлемде төленді. 

Шыңғыс Өтебаев, ҚР БҚДА Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары:

- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ (ҰЭО) жүргізген тергеу нәтижелері бойынша метрология және сертификаттау саласында қызмет көрсететін ұйым нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компания 2020 жылғы қаңтар мен 2021 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңдегі метрология қызметтеріне (өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу) және 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы тамыз аралығындағы кезеңдегі тауарлардың сәйкестігін растау жөніндегі қызметтерге (сынақ, сертификаттау, өнімдер мен қызметтерді декларациялау) монополиялық жоғары бағаларды белгілегені үшін кінәлі деп танылды.