Петропавлға ауызсу беріле бастады
2 күннен бері қаланың бірнеше ауданында су болмаған еді. Тұрғындар тіршілік нәрінен тарықпауы үшін су тасымалы ұйымдастырылды.
Жалпы облыс орталығы мен айналасындағы ауылдарда жағдай әлі күрделі. Электр желілері сыр беріп, бірнеше учаскеде жарық сөніп қалды. Қаланың 3 шағынауданында мыңдаған үйді су басты. Су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр. Тасқын басталғалы өңірдегі 17 ауыл су ортасында қалды.
Әсем Айтұлова, қала әкімдігінің баспасөз хатшысы:
- Бізде осы уақытқа дейін ауызсу және жарық мәселесі орын алды. Қазіргі таңда ол мәселелер толық шешілді. Желіде 10 бригада жұмыс істеп, бірнеше сағаттың ішінде қаланы толық жарықтандырды. Ал суға келер болсақ, ауызсу барлық талдаулардан өтті. Қалада сумен жабдықтаудың 2 баламасы бар. Қазір су толып жатыр, толған бойда желілермен су жүре бастайды.