Жетісу облысында жасөспірімдер құтқарылды
13 жастағы 2 жеткіншек ересектердің рұқсатынсыз Үйтас саяжай ауданындағы Қаратал өзенінің суына шомылып жүрген, деп хабарлайды 24KZ.
Олар өзеннің ортасындағы аралға жүзіп барғанымен, өз бетінше жағаға қайта алмаған. Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары екеуін де жағаға жеткізді. Абырой болғанда, медициналық көмек қажет болмады.