Атырауда бөгет салу жалғасып жатыр
Құлсары - Доссор тас жолында көлік қозғалысы жанданды.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев, сондай-ақ Құлсары қаласына газ бен жарық беру жұмыстары басталғанын, қоғамдық көлік қатынап жатқанын жеткізді. Онда су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккен тұрғындардан, бір реттік жәрдемақыға өтініштер қабылдануда. Жем өзенінде судың деңгейі 20 сантиметрге төмендеген. Ал Жайық өзенінің тасу қаупіне байланысты, Атырау қаласы маңында 123 шақырым бөгет салынды. Жалпы 223 шақырым жағалауды бекіту жоспарланып отыр. Бүгінде бұл жұмыстарға 935 техника мен 2 жарым мың адам жұмылдырылған. 3 жарым мың ерікті де көмек қолын созып жүр. Индер, Махамбет аудандарында да бөгет салу жұмыстары жалғасып жатыр.