Атырау облысына әскерилер көмекке аттанды
Табиғи апаттан залал келген аймақтарға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мыңнан аса әскери көмек береді.
Тараз, Шымкент және Гвардейск гарнизонының офицерлері мен жауынгерлер апат салдарын жоюға қолғабыс қылмақ. Сонымен қоса аймақтағы Қорғаныс Күштері атынан 60-тан аса техника жіберілді. Ал Жамбыл облысының әкімдігі Атырау облысына 100-ден аса арнайы техниканы апаруды жоспарлап отыр. Олардың барлығы өңірдегі коммуналдық мекемелер мен ірі компанияларға тиесілі. Әзірге 20-сы жолға шықты. Айта кетерлігі техника жүргізетін 107 маман да бірге барады. Сонымен қоса қажетті жабдықтар мен жиналмалы төсек орындар да бар. Батысқа бағытталған көмек темір жол арқылы жеткізіледі.
Бексұлтан Алияров, қатардағы жауынгер:
- Халқымыздың басына қара күн туған кезде көз жұмып қарап отыра алмаймын. Сондықтан да біздің әскери бөлімнің сарбаздары сержанттары мен офицерлері осынау бәріміз бірігіп бір жұдырықтай жұмылып осы Атырау қаласына көмек қолын созу үшін бара жатырмыз.
Ерболат Сейілбеков, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
- Жүк техникалары бар, погрузщиктер бар, автокрандар бар, жүк көліктері бар, цистерналар бар. Техникаларды айдайтын жігіттердің барлығына арнайы өзімізден матрасымыз бар, көрпе-төсегіміз бар, оның барлығын қазіргі таңда жүктеп жатыр.