БҚО-да суды бұрып әкету үшін қорғаныс үйінділері жасалды

Батыс Қазақстан облысында ауқымды су тасқынының алдын алу шарасы қабылданып жатыр.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша елді мекендерден үлкен суды бұрып әкету үшін қорғаныс үйінділері жасалып, 5 мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылды. Жалпы қызыл суға қарсы жұмыстарды жүргізу үшін өңірде шоғырланған күштер 6 мың адамнан асты. Жұмысқа волонтерлік ұйымдар да тартылды. 1,5 мың арнайы техниканың 790-ы облысқа еліміздің басқа өңірлерінен жеткізілді. Қазір Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде. 700 мың құм толтырылған қапшық пен 4 мыңға жуық тонна инертті материал төселді. Қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді. Оралда жедел-эвакуациялау пункттері ашылды. "Жедел желіге" 512 қоңырау келіп түсті.