Жылыой ауданында қауіп сейілді
Жылыой ауданында жағдай тұрақталды.
Жем өзенінің деңгейі 105 сантиметрге дейін түсіп, қауіп сейілді. Тасқыннан зардап шеккен 2 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік көмек алуға өтінім берген. Құжаттарды қабылдау 12 сәуірден басталды. Жалпы саны 2800 отбасыдан өтінім қабылданады деп жоспарланған. Қазір Құлсары қаласын судан тазарту ісі қарқынды жүріп жатыр. 16 мың текше метр су шығарылды. Сонымен қатар суға кеткен жануарлардың өлекселері жойылып жатыр.
Жәнібек Сабыров, Жылыой аудандық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы:
- Бүгінгі таңда 65 мүйізді ұсақ малдар, 1 мүйізді ірі қара малының төлі, 2 ит, бір мысық және 8 үй құстары жиналып, жойылды. Осы жұмысқа ветеринариялық станциясының 6 қызметкері, 3 арнайы техникасы және аудандық обаға өарсы күрес бөлімшесінің 4 қызметкері тартылып, қазіргі таңда жұмыстар жалғасуда.