Ақмола облысында қажетті заттар қайықпен жеткізіліп жатыр

Ақмола облысының Астрахан ауданындағы 5 ауылдың тұрғындары бір аптаға жуық қалаға қатынай алмай отыр.

Атап айтқанда, Колутон, Қаракөл, ескі Колутон, Еңбек және Ягодная ауылдарына баратын жолды су шайып кеткен. Салдарынан көлік қозғалысы шектеліп, төрт ауыл жарықсыз қалды. Қазір құтқарушылар елді мекен тұрғындарына қажетті заттарды қайықпен жеткізіп жатыр. Қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Аят Серәлиев, Астрахан аудандық ТЖБ бастығы:

- Біздің қызметкерлер сағат сайын ауылдарға қажетті заттарды жеткізіп тұрады. Қазір бұл жұмысқа 7 құтқарушы жұмылдырылған. Ауыл халқымен байланыс үзбейміз. Егерде тұрғындардың бірі ауырып, медициналық көмек керек болса онда қайықпен алып шығып, жедел жәрдем шақырамыз.