Үлкен су кешеуілдеп келеді. LIVE

Батыс Қазақстан облысына көлемді су 15-17 сәуірде келеді деген болжам айтылған еді.

Осыған байланысты ел-жұрт алаңдап отыр. Өңірдегі жағдай туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен айтып беруге дайын. Аман-есенсіздер ме? Жайық өзеніне Ресейден көп су келеді деп дайындалып жатқанымызға біраз болды. Болжам бойынша судың алды осы бүгін-ертең келуге тиіс еді? Қазіргі жағдай қалай? Жайыққа мол судың кешеуілдеп келуі қанша аз да болса көңілге демеу береді. Осы екі арада мұндағы қазіргі бар судың біраз бөлігі Каспийге қарай ағып кетеді ғой, солай емес пе?