Қоғамдық жұмысқа тарту құзыреті әкімдіктерге берілуі мүмкін

Енді құқық бұзғандарды қоғамдық жұмысқа тарту құзыреті әкімдіктерге берілуі мүмкін.

Бұл мәселе бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қаралды. Жаңа заң жобасында тәртіп бұзғандардың жазасын өтеуін бақылауды атқарушы билікке тапсыру көзделген. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстардың қай түрлері және қандай мекемелерде еңбек ететіні де айқындалмақ. Ал егер кінәлі міндеттелген жұмыстан жалтарса, әкімдіктер бірден Ішкі істер органдарына хабарлама жіберуге құқылы.