Су тасқыны: өтемақы төлеу жұмыстары апта соңына дейін аяқталады
Су тасқынынан зардап шеккендер біржолғы өтемақыны апта соңына дейін түгел алады.
Бүгінде 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Мәселен, Павлодар облысында демеушілердің көмегімен 119 үйдің залалы өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанай облысында 27 пәтер сатып алынды. 1 600 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Ақтөбе облысында 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді. 57 жаңа үйдің құрылысы басталды. Тұрғын үйлерге келтірілген залалды бағалау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Премьер-министр өңір әкімдері мен жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.