Ақмола облысында сәби қайықпен ауруханаға жеткізілді

Ақмола облысында науқас сәби қайықтың көмегімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға Баранкөл ауылында болған. Қарғын су кесірінен елді мекеннің жолын су шайып, көлік қатынасы үзіледі. Салдарынан науқастанып қалған бір жастағы бала дәрігердің көмегіне жүгіне алмады. Абырой болғанда, құтқарушылар дереу қайыққа отырып, сәбиді қауіпсіз жерге алып шықты. Олар бірінші Далабай ауылына барып, кейін баланы сол жерден аудандық ауруханаға жөнелткен.

Айта кетейік, құтқарушылар қатынас үзілген ауылдарға дәрі-дәрмек пен азық-түлік тасымалдап жатыр.