БҚО-да он төрт мың адам эвакуацияланды. LIVE
Батыс Қазақстан облысында 14 мыңға жуық адам қауіпсіз орындарға көшірілген.
Соның 2 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр. Қазір әріптесім Мерей Қанапия Оралдан тікелей эфирге қосылуға дайын.
Мерей Қанапия, тілші:
- Қазір Оралдағы негізгі эвакуациялық пункттердің біріндеміз. Мұнда 300-ден астам адам жатыр. Оның 150-ден астамы бала. Ал мектеп жасындағылар саны 75. Олардың онлайн сабаққа қатысуы үшін осындай бөлмелер дайындалған. Қазір менің жанымда осы мекемеге жауапты Мөлдір Садырғалиева тұр. Мөлдір тағы қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Мөлдір Садырғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚУ баспасөз хатшысы:
- Сондай-ақ осында жатқандарға арнайы дәрігерлер де қызмет көрсетеді. Егер жұқпалы ауру анықталса бірден оқшаулау бөлмесіне жатқызылады. Облыста барлығы 19 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Жалпы мұндағылардың басым бөлігі саяжай аумағынан келгендер. Алдын ала сол тұрғындардан сұхбат жазып алған едік.
Марал Қайыршиева, қала тұрғыны:
- Мына эвакуациялық пунктка келгенімізге 2 жұмадан асты. Өзім көп балалы анамын. Жолдасыммен осындамын. Балаларға мектептен проблема жоқ. Мұғалімдер таңертең келеді 8 де тұрғызып алып кетеді. Алдында нулевой класка болмап еді. Бүгіннен бастап ашылды.
Еске сала кетейік, өңірдегі авариялық құтқару жұмыстарына 8 мыңнан астам адам, 1600-ден астам жалпы техника және 3 тікұшақ жұмылдырылған.