Ақтөбелік жастар қала тазалығына үлес қосты
Ақтөбелік жастар саябақтар мен әлеуметтік нысандардың аумағын қоқыстан тазартып жатыр.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі іс жоғарғы оқу орындарында жалғасты. Жүздеген студент өзі білім алатын университет аумағындағы күл-қоқысты жинап, полигонға жөнелтті. Спорт кешендері және жатақхана маңын да тазалап, жас көшеттер екті. Студенттер, апта сайын сенбілікке шығып, ел бойынша жарияланған науқанға елеулі үлес қосуда.
Тэмуджин Сәрсенов, студент:
- Ақтөбеге осы соңғы екі жылда көктем ерте келді. Қоғамның қозғаушы күші жастар болғандықтан, жастар әрқашан да ең бірінші осылай акцияны қолдап, дәстүрге айналдырып жатырық.
Еркін Тастанқұлов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры:
- Біздің студенттеріміз көшелерді тазалап шықты, аулаларды тазалап шықты. Осы сенбі күні жоспарланып жатыр мына біздің «қаһармандар аллеясын» тазалап, сүртіп шығамыз және сөйтіп, әр аптаға әр күнге жеке акимат тарапынан да берілген жоба бойынша жүріп келе жатырмыз. Сонымен қоса, біздің өзіміздің университеттің ат салысқан акцияларымыз.