Заң - тәртіп пен әділеттілік негізі

Еліміздегі саяси институттар құқықтық базаны қалыптастырып, оның сақталуы мен қолданылуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жауапты. Алматыда «Саяси институттар Қазақстандағы заңдылықты дамытудың негізі ретінде: тарих және қазіргі заман» атты ғылыми семинар өтті. Сарапшылар Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында айтқан «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғамда маңызды роль атқаратындығын атап өтті. Бұл Қазақстан қоғамының темірқазығына айналуға тиіс. Заң мен тәртіп – елдің басты қағидасы. Заң үстемдігі болғанда ғана тәртіп орнайды. Қатысушылар осы жайында ой-пікірлерін білдірді. 

Еркебұлан Аманғосов, Мемлекет тарихы институты ғылыми ақпарат бөлімінің басшысы:

- Айтады ғой: «Тәртіпке бағынған құл емес» деп. Сондықтан біздің қазіргі Қазақсатнның дамуы осы түрлі құндылықтарды әріқарай дамыта отырып, соның ішінде заң мен тәртіпке. Құқықтық тәртіптік нигилизмге қарсы келу үшін осындай іс-шаралардың аясында мейілінше жеткілікті түрде ұсынымдар бере отырып мемлекеттік органдарға, яғни негізделген ұстанымдарды жинақтауды  көздеп отыр осы іс-шара.