490 адам өтемақыға өтініш тапсырды
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендер өтемақыға өтініш беріп жатыр.
Кеше 490 тұрғынның құжаты қабылданды. Суға кеткен шағынаудандар бойынша ашылған 4 пунктте мамандар қызу жұмыс істеп тұр. Ал кәсіпкерлік нысандар бойынша өтемақыға өтініш тапсыру енді басталады. Қазір бағалау комиссиясы жасақталуда. Аудан билігі шығын көлемінің толық өтелетінін айтады.
Нұрболат Сарманов, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары:
-Мүлік құжаттары, сонымен қатар бүлінген дүние, барлығын қосып, өтініште көрсетіп жатыр. Сол бойынша біз шешім қабылдайтын боламыз. Тиісті бағалаушы компанияға жібереміз. Қазірдің өзінде кәсіпкерлік нысан бойынша 100-дің үстінде тіркеліп тұр. Оның комиссиясы басқа болады. Оған сәйкес келмейді. Себебі олардың ережесі басқаша. Оны алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз.