«Жайық-Каспий» каналы тереңдетілуде
Атырауда Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы тереңдетіліп жатыр.
«Ол арнасынан асқан тасқын судың теңізге кідіріссіз өтуіне сеп болады», – дейді мамандар. Өзенді теңізбен жалғайтын негізгі арна – Жайық-Каспий каналы. Оның ұзындығы – 56 шақырым. Кейінгі 20 жылда өзенге су аз келгендіктен, оның теңізге құятын сағасы бітеліп қалған.
Қазір каналдың тереңдігі 40-50 сантиметр шамасында. Бұл су көліктерінің қозғалысын тоқтатқаны өз алдына, тасқынның теңізге құюына да кедергі. Енді сол саға 1,6 метрге дейін тереңдетіліп жатыр. Бұл жұмысқа 4 арнайы техника мен 12 адам жұмылдырылған.
Дидар Алипов, жоба жетекшісі:
- Бізде 2 земснаряд жұмыс істеп жатқан. «Ватер мастер классик-4» дейді. Оның қуаты сағатына 700 текше метр. Тереңдету жұмысы бізге берілген параметрі – 1600 метр. Ұзындығы – 20 км, жұмыс 11 сәуірде басталды. Қазіргі жүргізген каналымыз 500-600 метрдей.