БҚО-да партия мүшелері 60 адамды эвакуациялаған
Қазақстан Халық партиясының мыңға жуық өкілі төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жүр, деп хабарлайды 24KZ.
Олар еріктілермен бірге тасқын суға қарсы бөгеттер салу, тұрғындарды қауіпсіз орындарға көшіру секілді қызметтерге жұмылдырылған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысына келген партия мүшелері Бөрлі ауданына барып, 60 адамды эвакуациялаған.
Уатхан Біләл, «Қазақстан Халық партиясының» ресми өкілі:
- Партия өкілдері арнайы осы гуманитарлық көмекті бөлетін комиссияда мүшелікте. Ол комиссия нені анықтайды. Адамдарға не қажет, мысалы, адамдар келіп айтады ғой, «осындай-осындай керек» деп. Ең бірінші қажеттілігін анықтайды. Ауыратын, қысымы бар адамдар дәрілер керек деп келеді. Одан бөлек, кеше ғана Қырғызстан мемлекетінен 20 тонна көлемінде ең қажетті деген азық-түлік жетті. Бері 4 күн уақыт жүріп келген екен. Мерзімі өтіп кететін тауарлар бар ғой, соның бәрін қадағалап, іріктеп, жинап, сол жағын қамтамасыз етуге атсалысып жатыр партия өкілдері.