Қазақстандық әскерилердің формасы өзгереді
Қазақстандық әскерилер жаңа киім үлгісіне ауысады, деп хабарлайды 24KZ.
Заманауи формаға көшу биылғы жылдың соңында басталады. Яғни, сарбаздардың жаздық және қысқы үлгідегі киімдері толық жаңартылады. Қазақ әскерінің жаңа формасы қандай болады және оның ерекшеліктері қандай?
Қазір ұрыс жүргізу тактикасы өзгеріп, әскерде тың технологиялар кеңінен енгізіліп жатыр. Бұл ретте әскери форма да ыңғайлы болуы керек. Соңғы рет сарбаздардың киім үлгісі 10 жыл бұрын жаңартылған. Қазір заман талабына мүлдем сай келмейді.
Валерий Манеркин, арнайы жасақ ардагері:
- Бұған дейін киіп жүрген формалар ол кеңес үкіметі заманының стандартымен жасалған. Мысалы, костюм «полевой, прямострочный» деп айтады. Ол жерде бәрі түзу болады. Бұрынғы ол тіке болады. Сосын егер қозғалыста тез істейтін болсақ, әртүрлі іс-әрекет жасаған кезімізде тартылып қалады мата.
Бүгін біз заманауи үлгідегі әскери форма қандай болу керек және қалай тігілетіндігін білу үшін Валерий Манеркиннің шеберханасына арнайы келдік. Валерий былтыр ғана зейнетке шығып, өз кәсібін ашқан. 16 жыл арнайы жасақта қызмет еткен. Демек әскери форманың қандай болу керектігін іс жүзінде біледі.
Валерий Манеркин, арнайы жасақ ардагері:
- Егер де тактикалық жилет киетін болсақ, көбі қазір әлемдік шығарып жатқан мынадай трикотаждан жасалған мата мына жерге дейін тігіледі. Сосын біз жерде жүрген кезде және айдалада жүргенде ілініп қалады, сөйтіп жыртылады. Мынау рипстоп мата қорғайды. Сондықтан біздің тактикалық жилет осы рипстоп матамен бірге жилеттің шекарасын басып, осылай тігілген, жасалған. Қорғау үшін.
Валерий Манеркин тігетін әскери экипировка толық НАТО стандарттарына сай келеді. Талай мәрте сынақтан өткен.
Риат Шони, тілші:
- Мынау менің үстімдегі форма – арнайы жасақты формасы. Салмағы шамамен 7 келі. Ал қазіргі қолданыстағы форманың салмағы шамамен 12 кг дейін жетеді екен. Өте ыңғайлы. Салмағы жеңіл. Айта кету керек, бұл таза отандық өнім және Қазақстандағы отандық компания алғашқылардың бірі болып арнайы жасаққа форма тігуді бастаған екен.
Цехта тігілген формалардың барлығы міндетті түрде сынақтан өтеді. Арнайы тирде түрлі тәжірибелер жасалады. Кем тұстары анықталса, бірден дұрысталады.
Валерий Манеркин, арнайы жасақ ардагері:
- Көрдіңіз, қазір қорытынды қалай. Жилет өзінің жұмысын істеп жатыр. Қорғайтын жерін біздің қорғайды. Жүрек және екі өкпеміз. Алдымызда, артқы жақта проэкцияны қарағанда 0,75 дм ол жабады. Жилетіміздің өзінің ерекшелігін көрдіңіз, 1 немес максимум 2 см қозғалады. Оның себебі біздің денемізбен инерциямен қозғалады. Алға, артқа, жоғарыға. Жаңағыдай ұрмайды біздің сақалымызды. Мінеке, бұны серияға жібере беруге болады.
Жалпы әскерилердің киім үлгісі өзгеретіндігін былтыр мамыр айында өткен Бүкілармиялық кеңесте қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтқан еді. Оны Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да таныстырды.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
- Бұл форманы Қорғаныс министрінен жауынгерге дейін киеді. Енді аға және командалық құрамға жеке үлгідегі киім тігілмейді. Барлығында бір форма болады. Оған қосымша қаражат жұмсамаймыз. Өйткені жыл сайын бөлінетін қаржыны қайта қараймыз. Кейін соның есебінен тігіледі.
Жалпы жаңа үлгідегі далалық киім-кешекке қазақ әскері 2024 жылдың соңына қарай көшіріледі. Қалған керек-жарақ 3 жыл ішінде жаңартылады деп жоспарланып отыр.
Авторы: Риат Шони.