Алматыда 300 түп алма ағашы егілді
Алматыда «Таза Қазақстан» науқаны аясында 30 мың мың түп ағаш егілді.
Қаланың Алатау ауданында жаңадан саябақ бой көтереді. Бүгін бұл маңға 300 түп алма көшеті егілді. Жасыл желек тамыр жайғанша, оның күтіп-баптауға да баса назар аударылады. Бұл жолғы шара Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылды. Экологиялық акцияға қоғамдық ұйымның өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Шаһарды көгалданыруға арналған жұмыстар күзге дейін жалғасады.
Бексұлтан Сәрсеков, «Қазақстан генералдар кеңесі» қоғамдық ұйымының төрағасы:
- Бәріміз қосылып алма ағаштарды отырғыздық, Енді болашақта соған қарап жүрсек ертең осының алмасының дәмін көрсек деген ой. Сағадат Нұрмағамбетов Ұлы Отан соғысынан аман-есен қайтып келіп, сол кезде Кеңес Одағының Батыры болып келіп, сол кезде біздің жаңадан құрылып жатқан Қорғаныс министрлігін құрған осы кісі. Сондықтан, осы шара мен үшін өзім үшін өте маңызды.