«Хабар» ұжымы экологиялық сенбілікке қатысты
Ел көлеміндегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына «Хабар» агенттігінің ұжымы да атсалысты, деп хабарлайды 24KZ.
Қолдарына күрек, кетпен алған БАҚ өкілдері осылайша қаланың ажарын келтіруге өз үлестерін қосты.
Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, бас қаланың ажарлы болуы Елорда тұрғындарының өздеріне байланысты. Сол себепті ұжым өкілдері сенбіліктен қалыс қалмай, жұмыла іске кірісті.
Сауалнама:
- Бүгін біз, 24KZ арнасының шығармашылық бірлестігі, қала тазалығына өз үлесімізді қосуға келдік. Елорда келбетінің көркеюіне атсалысу – әрбір тұрғынның міндеті.
- Бүгін «Хабар» агенттігінің операторлары түсірілімнен бөлек, қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып, елорда келбетінің көркеюіне атсалысып жатырмыз.
- Сенбілік өтетінін хабарлағанда бәріміз бірауыздан келістік. Ауа райы да қолайлы. Бұл қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі деп санаймын.
- Табиғатқа деген жанашырлық – әрбіріміздің бойымызда болу керек қасиет. Әр адам тазалық пен тәртіпті өз айналасынан, қоршаған ортасынан бастау қажет. Өзім өмір сүріп жатқан қаланы тазалау менің азаматтық борышым деп есептеймін.
Сенбілікке телеарнаның 200-ге жуық қызметкері қатысты. Коммуналдық техника көмегімен қоқысқа толы қаптар шаһар сыртына шығарылды.
Данияр Менилбеков, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазір Мемлекет басшысының бастамасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталып, өңір-өңірлерде жүзеге асып жатыр. Жүз мыңдаған адам қатысып жатыр. Бұған «Хабар» агенттігінің ұжымы да үлес қосайын деп, бүгін қаланың ең көрікті жерлерінің біріне тазалық жұмыстарына шықты.
Жайнагүл Төлеміс, «Хабар» Агенттігі «Хабар» телеарнасының директоры:
- Тазалық бірінші кезекте санадан басталады. Бүгінгі шара, тазалық шарасы – біздің ұжымның жастарға көрсетіп жатқан үлгісі. Әрқайсымыз, жан-жағымыздың тазалығын, қаланың тазалығын, аймақтың тазалығы, өңірдің тазалығы мәселесіне бейжай қарамауымыз керек.
Экологиялық акция басталғалы бері тек елорданың өзінде 30 тоннадан астам қоқыс жиналды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер 11 мамырға дейін жалғасады.
Авторлары: Дильназ Тұрғазыева, Гүлдана Кален, Орден Жарқын, Ержан Рахманбердиев.