Семейдің бас жоспары талқыланып жатыр

Жуырда Семей қаласының бас жоспары қоғам талқылауына ұсынылды.

Жергілікті тұрғындары туған қаласының көркеюіне қатысты өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс айтуға мүмкіндік алды. Жұрт Алаш астанасы, ұлылардың мекені болған шаһар жоспарынан оң өзгерістер күтеді. Облыс орталығы мәртебесінен айырылған қала кейінгі жылдары қараусыз қалып, әбден тозған еді. Бас жоспар бекітілсе, ірі жылу электр орталығы бой көтеріп, жаңа мөлтек аудандар салынады.

Қоғам белсендісі, құрметті құрылысшы Николай Исаевтың айтуынша, қалада кезінде заңсыз құрылыс көп салынған. Оның салдарын семейліктер енді көріп жатыр. Мәселені ретке келтіру үшін былтыр бас жоспар түзілген еді. Бірақ ардагер құрылысшы оның кей тұстарына әлі де өзгерістер енгізу қажет екенін айтады. 

Николай Исаев, Қазақстанның құрметті құрылысшысы:

- Жалпы біздің ескертулерімізге жобаны әзірлеушілер оң көзқарас білдірді. Бірақ мені қала тұрғындарының санының өсуі алаңдатады. Абайдың, Шәкәрімнің еліміз деп мақтанамыз. Меніңше, біз сол атауға лайық болу үшін қала келбетіне бей-жай қарамауымыз керек.

Қала тұрғындары да шаһардың келбетіне көп көңіл бөлінсе екен дейді. Өйткені тарылған көшелерде көлік кептелісі көп. Тіпті заңсыз құрылыстар жаяу жүргіншілердің жолын жауып қалған. Жүріп-тұру қиын.

БЛИЦ:

- Меніңше мынау қате сияқты. Совсем жолдың бәрін жауып тастады. Кейін... Мына көшені баяғыда арбат болады деп еді ғой?! Қалай болады мына түрімен? Кейбіреулер ойына келгенін істеп жатыр да.

- Бір көшенің әдемілігі жоқ көшенің. Бәр жерде выпячивает тоже. Шығып тұрады. Мынандай-мынандай нәрселер. Оның бәрі енді сақталуы керек сияқты.

- Осындай олқылықтарды болдырмау үшін, алдағы уақытта кез келген құрылыс бас жоспардың аясында жүргізілетін болады. Қала тұрғындары да қалыс қалмас үшін, қала жобасы халық талқылауына шығарылған. 

Дархан Сейтханов, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Талқылау барысында 600-ден астам кісі осы жерге келіп, бас жоспармен танысып, 200-ден астам өзінің пікірін қалдырды. Сол пікірдің барлығы бізге хаттамаға енгізіліп, сол пікірлердің аясында барлық жұмыстар аяқталып жатыр. Бас жоспар қазіргі уақытта 80 пайызға дайын деп айтуға болады.  

Мамандар Абай облысында құрылыс бойынша 121 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Заң бұзушылықтар анықталып, 305 әкімшілік іс қозғалған. Оның 91 әкімшілік сотқа жіберілген. 

Шыңғыс Ниязов, облыстық бақылау басқармасының басшысы:

- Техникалық қадағалау ол құрылыстың басынан бастап аяғына дейін жүргізіледі. Ол именно құрылыстың сапасын қарайды. Бұл жерде бұзушылық көрсек именно сапасы жағынан. Технодзорға очетын қабылдамаймыз.

Бас жоспар 2040 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Қыркүйек, қазан айында бекітілуі жоспарлануда. Алдағы 15-16 жылда Семейдің халқы 385 мыңға жетеді деген болжам бар. Сондықтан шаһардың аумағы ұлғайып, шеткі аудандарын дамытуға басымдық берілмек. 

Ерзат Жанатұлы, Медет Өмірханов