Іле-Балқаш табиғи резерватында өрт шықты
Балқаш ауданы Іле-Балқаш табиғи резерватында өрт шықты.
Ондағы құрғақ шөп пен қамыс қызыл жалынға оранып, тілсіз жау 18 гектар жерді шарпыды. Қазірге дейін құтқарушылар әуеге тікұшақпен 53 рет көтеріліп, 159 тонна су төкті. Алқаптың батпақты аумағы мен үдеген жел өртті ауыздықтауға айтарлықтай кедергі келтіруде. Дейтұрғанмен, жақын елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ-дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.