БҚО-дағы ахуал: саяжайлардан 60-тан астам адам эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар министрлігі Орал маңындағы саяжайлардан тағы біраз тұрғын көшірілгенін хабарлады.
Іздестіру-құтқару жұмысы барысында шаһар маңындағы су басқан аймақтардан 60-тан астам тұрғын қайықпен эвакуацияланған. Бір апта бұрын құтқарушылар азаматтардан үйін тастап кетуді талап еткен болатын. Алайда олар эвакуациялық пунктерге орналасудан бас тартқан.
Өңірдегі қазіргі ахуал қалай? Бұл жайында Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш жауап береді.